«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесті

94

28 Мамыр 2025

Тараптар сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері мен бірлескен жобаларды талқылады.

Еуропа қайта құру және даму банкі – «Самұрық-Қазынаның» көп жылдық серіктесі. Банк Қордың энергетика, тау-кен металлургия, мұнай-газ және логистика салаларындағы ірі жобаларына қатысады.

Сондай-ақ, ол Батыс Қазақстанның электр желісін елдің Біртұтас энергетикалық жүйесіне қосу жобасында маңызды рөл атқарады. Қордың портфельдік компаниясы – KEGOC «Самұрық-Қазынаның» сатып алу ережелерін қолданады, бұл, өз кезегінде, халықаралық қаржы институтымен келісім жасасуға мүмкіндік берді.

image-28-05-25-06-16.jpeg

«Біз Еуропа қайта құру және даму банкі сынды серіктестермен ынтымақтастыққа және озық халықаралық тәжірибеге негізделген осы үлгіні одан әрі дамыту Қордың сатып алу үдерістерінің ашықтығын, тұрақтылығы мен тиімділігін арттырады деп сенеміз», – деді Нұрлан Жақыпов.

Қордың сатып алу жүйесі Еуропа қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі сияқты әлемдік қаржы институттары тарапынан халықаралық озық стандарттарға сай деп танылды.

2024 жылғы қазанда Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы Одиль Рено-Бассо Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу рәсіміне оң бағасын берген.