«Самұрық-Қазына» мен италиялық Maire Tecnimont компаниясының басшылығы серіктестікті нығайту мәселесін талқылады
1241
28 Мамыр 2025
Нұрлан Жақыпов Maire Tecnimont компаниясының бас атқарушы директоры Алессандро Бернинимен кездесті. Тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық жөнінде талқылады. Maire Tecnimont мұнай-газ химиясы секторын дамыту бағытында серіктестікті кеңейтуге ниетті екенін растады.
Maire Tecnimont — инжиниринг және мұнай-газ, энергетика, химия салаларындағы өндірістік нысандарды салу бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.
Кездесу Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің Қазақстанға сапары қарсаңында өтті. Сапар аясында аталған компаниямен келісімге қол қою жоспарланып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...