Жаңа ағымдар мен геосаяси жағдайлар әлемдік сауда тізбегіне өзгеріс енгізуде

Жаңа ағымдар мен геосаяси жағдайлар әлемдік сауда тізбегіне өзгеріс енгізуде

78

30 Мамыр 2025

AIF форумы аясында «Орта дәліз» – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға арналған сессия өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев өз сөзінде Қазақстан Орта дәліздің қақ ортасында орналасқанын және бұл бағытта еліміздің шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

image-30-05-25-05-03-2_1.jpeg

2024 жылы ТХКБ арқылы тасымалдау көлемі 62%-ға артқан.

Бұл процестегі негізгі қатысушылардың бірі – Қордың портфельдік компаниясы «Қазақстан темір жолы». ҚТЖ Шығыс – Батыс бағыты бойынша терминалдық инфрақұрылымды қалыптастырып, Қазақстанның халықаралық саудадағы орнын одан әрі күшейтуге ұмтылады.

Логистикалық хабтар Ляньюньган мен Сиань қалаларында салынды. Сонымен қатар, ҚТЖ отандық теміржол машина жасау саласына да қолдау көрсетеді. Бұл бағытта Францияның Alstom және америкалық Wabtec компанияларының қатысуымен бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

image-30-05-25-05-03-1.jpeg

AIF аясындағы панельдік сессияға ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Кириакос Какурис, Österreichische Bundesbahnen-Holding AG компаниясының басшысы Андреас Матте, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті Константин Лимитовский, Wabtec Corporation компаниясының жүк жабдықтары бағыты бойынша президенті Роджериу Мендонса қатысты.

CNN тілшісі Ханако Монтгомери сессия модераторы қызметін атқарды.