Ірі импорттық хаб: Алматыда жаңа контейнерлік терминал ашылды
802
10 Маусым 2025
ZHETYSU заманауи контейнерлік терминалының ашылу салтанаты өтті. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық нысан.
Терминал Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Кедентранссервис» АҚ мен ҚХР-дың Xi’an Free Trade Port Construction and Operation компаниясының бірлескен жобасы ретінде ашылды.
Терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына айналып, Қазақстандағы ең ірі импорттық хаб болмақ. Ашылу күні Сианьдағы Қазақстан-Қытай терминалынан жіберілген алғашқы контейнерлік пойыз келіп жетті.
«Бүгін біз жай ғана инфрақұрылымдық нысанды емес, бизнеске, саудаға және әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашатын жобаны іске қосып отырмыз. Терминал көлік байланысын нығайтып, логистикалық шығындарды азайтады», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Бұл – Қор мен ҚТЖ-ның стратегиялық серіктесі Сиань қаласының Құрғақ портымен (Xi’an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd) бірлесіп жүзеге асырған төртінші жобасы.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылығы ҚР Президенті бастаған ресми делегация құра...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Ashmore компаниялары Қазақстанда әлемдік деңгейд...