«Самұрық-Қазына» және ExxonMobil әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуде
1100
11 Маусым 2025
Бүгін Астанада «Баршаға арналған STEM орта» бірлескен жобасын іске қосу жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Жоба Атырау облысының 250 әйел азаматына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына оқудан өтіп, STEM тренері сертификатын алуға мүмкіндік береді.
«ExxonMobil – көп жылдан бері стратегиялық серіктесіміз. Бүгін әлеуметтік жобаларды да қамтыған ынтымақтастығымыздың жаңа деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын», – деді кездесу барысында Жақыпов.

Жобаны Топтың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы жобалардың операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырады.
STEM тренері – бұл STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics – ғылым, технология, инженерия және математика) саласында білім мен дағдыларды үйрететін маман.
STEM тренердің басты міндеті – тыңдаушылардың техникалық ойлауын, креативтілігін, тәжірибелік және пәнаралық тәсілдерді қолдану арқылы мәселе шешу дағдыларын және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Қордың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы басым бағыттарының бірі – инклюзияны дамыту аясында бүгінде 45 оңалту орталығы мен 15 инклюзия кабинеті ашылған.

{{ $t('messages.news1') }}
Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР...
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды