«Самұрық-Қазына» мен CNPC басшылығы бірлескен жобалардың ағымдағы жағдайын талқылады
1369
16 Маусым 2025
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов CNPC директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоуляньмен кездесті.
Тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы жайлы сөйлесті.
Жақыпов аталған серіктестік Қазақстан экономикасы мен жалпы энергетика саласының дамуы үшін маңызды ауқымды мұнай-газ жобаларын қамтитынын айтты.
CNPC – Қытайдың ірі мұнай-газ корпорациясы. Ол мұнай мен газ кен орындарын барлау және игерумен айналысады.
CNPC Солтүстік Каспий жобасына, жел электр станциясының құрылысына, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға және басқа да бірқатар жобаларға қатысады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...