«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінде «ҚазМұнайГаз» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері таныстырылды
121
20 Маусым 2025
20 маусымда Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің «ҚазМұнайГаз» АҚ қызметіне арналған кезекті отырысы өтті.
Қордың портфельдік компаниясы 2024 жылғы қызметі туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарларын ұсынды.
«ҚазМұнайГаз» — мұнай, газ және мұнай-газ химиясы саласындағы жүйе құраушы ұлттық компания.
«2024 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы ел бойынша жалпы мұнай өндірісінің 27%-ын, тасымалдау көлемінің 57%-ын және қайта өңдеу көлемінің 80%-ын қамтамасыз етті. Негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады: бос ақша ағымы 2,16 миллиард доллардан 2,55 миллиард долларға артты, қарыз жүктемесі 8,27 миллиард доллардан 7,55 миллиард долларға дейін қысқарды, ал IPO-дан кейін акциялардың құны 8 406 теңгеден 14 790 теңгеге өсті», – деді отырыста Қордың басқарушы директоры Елжас Отыншиев.
«ҚМГ» басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың айтуынша, стратегиялық жобаларға 476 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Соның ішінде геологиялық барлау, қайта өңдеу қуаттарын арттыру (Кендірлі су тұщыту зауыты, «Caspi Bitum» зауытының қуатын жылына 500 мың тоннадан 750 мың тонна битумға дейін ұлғайту) жобалары бар.
{{ $t('messages.news1') }}
250 ерекше бала «Sheksiz Mumkyndikter» бірегей спорт лагеріне тегін қа...
{{ $t('messages.news1') }}
Жыл сайын түрлі патологиясы бар 600 балаға кешенді көмек көрсетіледі
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Шеврон Евразия» президенті Де...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China компаниясының жаһ...