«Самұрық-Қазына» және италиялық Eni компаниясының басшылары бірлескен жобалар жайында талқылады
1266
23 Маусым 2025
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Eni компаниясының жаһандық табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті.
Тараптар италиялық компанияның Қазақстандағы қызметі, соның ішінде Маңғыстау облысындағы гибридті жоба мәселелерін талқылады.
Гибридті жоба (электр станциясы) – жаңартылатын энергия көздерінен (жел және күн) және газ электр станциясынан біріктірілген электр энергиясын өндіруді көздейді. Бұл атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және электр энергиясын тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы қуаты 247 МВт болады. Күн электр станциясын 2025 жылдың үшінші тоқсанында, ал газ және жел электр станцияларын 2026 жылы іске қосу жоспарланған.
Eni – 80-нен астам елде қызмет ететін ірі италиялық мұнай-газ компаниясы. Қазақстанда Eni 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...