«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен серіктестікті жалғастыру перспективаларын талқылады
41
23 Маусым 2025
Еуропа қайта құру және даму банкі – «Самұрық-Қазына» қорының ұзақ мерзімді серіктесі. Банк серіктестік орнатылғаннан бері Қордың энергетика, тау-кен металлургия, мұнай-газ және логистика салаларындағы жобаларын қаржыландыру үшін 4 миллиард еуродан астам қаражат бөлген.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жобалар бойынша прогресті атап өтіп, Қордың сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде талқылады.
Банк Батыс Қазақстанның электр желісін еліміздің Біртұтас электр энергетикасы жүйесімен біріктіру жобасында маңызды рөл атқарады. Қордың портфельдік компаниясы – KEGOC «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелерін қолданады. Бұл, өз кезегінде, халықаралық қаржы институтымен келісім жасасуға мүмкіндік берді.
Жиында банк президенті «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесінің озық екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Еуропа қайта құру және даму банкі Қордың сатып алу жүйесін халықаралық стандарттарға сай деп таныған. «Самұрық-Қазына» – банк тарапынан сатып алу жүйесі ресми түрде мақұлданған әлемдегі (ЕО елдерінен тыс) жалғыз ұйым.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және италиялық Eni компаниясының басшылары бірлескен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Астанаға Шетелдік инвесторлар ...
{{ $t('messages.news1') }}
Жыл сайын түрлі патологиясы бар 600 балаға кешенді көмек көрсетіледі
{{ $t('messages.news1') }}
250 ерекше бала «Sheksiz Mumkyndikter» бірегей спорт лагеріне тегін қа...