Шетелдік инвесторлар кеңесі алаңында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Citi компаниясының бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен серіктестік және оның перспективалары жайында талқылады
692
24 Маусым 2025
«Біз Citi-мен көптеген маңызды жобалардың сәтті жүзеге асуына ықпал еткен стратегиялық серіктестігімізді жоғары бағалаймыз», – деді Нұрлан Жақыпов.
Қор бірқатар стратегиялық инвестициялық жобаларға қаржы тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр және Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын тиімді жүзеге асыру үшін Citibank-пен серіктестікті жалғастыруға ниетті.
Citigroup Inc. — 140-тан астам елде өкілдігі бар америкалық қаржы конгломераты. Citibank — 200 миллионнан астам клиенті бар ірі халықаралық банктердің бірі.
Шетелдік инвесторлар кеңесі — ҚР Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...