Қазақстан бойынша 200 бала ерекше саяхатқа аттанды
772
27 Маусым 2025
Астанада «Туған елге саяхат» лагерінің IX маусымының басталуына орай «Нұрлы жол» вокзалынан арнайы пойыз жолға шықты.
12-16 жас аралығындағы балалар бес қаланы - Астана, Екібастұз, Балқаш, Түркістан және Алматыны аралап шығады. Лагерь бағдарламасы бойынша олар ел тарихы және мәдениетімен танысып, кәсіби бағдарлау жұмыстарынан өтеді. Сондай-ақ, қатысушылар ҚТЖ-ның екі зауытына, МАЭС-ке және Air Astana базасына барады.

Сапар соңында әр балаға оның қызығушылығы, қабілеті мен әлеуетіне қарай мамандар тарапынан жеке кәсіби ұсыныстар беріледі.
«Бұл бастама – еліміздің кадрлық резервін қалыптастыруға қосқан үлесіміз. Болашақта бұл балалар біздің компанияларда тәжірибеден өтіп, білікті маман атана алады», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Барлығы екі ағымда арнайы іріктеуден өткен 400 бала қатысады. Жобаны «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуы...
{{ $t('messages.news1') }}
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...