Маңғыстаулық жастар «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен колледждерде білім алды

Маңғыстаулық жастар «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен колледждерде білім алды

131

10 Шілде 2025

Биыл «Жарқын болашақ» жобасы аясында 75 түлек оқуын аяқтады. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Түлектер Алматы, Астана, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар және Петропавл қалаларындағы кәсіби-техникалық, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттағы колледждерді тәмамдады.

Енді 48 жас маман әрі қарай жоғары білім алуды жоспарлап отыр, ал қалғандары еңбек жолын бастауға ниетті. 

«Жарқын болашақ» жобасы Маңғыстау облысы жастарын қолдауға бағытталған. Осылайша, Жаңаөзен қаласының 177 тұрғынына колледждерде оқу үшін білім гранттары берілген. Бүгінгі күні олардың 111-і оқуын сәтті аяқтады.

Білім беру саласында 2025 жылы Қор Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы балалар үйінің 100 тәрбиеленушісін қолдауға арналған «Samruk Umiti» жобасын, сондай-ақ 400 балаға арналған кәсіби бағдар беретін «Туған елге саяхат» бастамасын іске қосты. Тамызда Атырау облысында 250 әйелге арналған STEM оқыту жобасы басталады.

image-10-07-25-11-08.jpeg