Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

77

11 Шілде 2025

Әлеуметтік жауапкершілік - «Самұрық-Қазына» қызметінің ажырамас бөлігі. Бұл орайда, инклюзия кабинеттері ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жоғары сұраныстағы №23, 29, 48, 54, 60, 71, 83, 91, 96, 98 мектептерде ашылады. Осылайша, 535 бала инклюзивті біліммен қамтылмақ.

Жобаны іске асыруға 300,6 млн теңге бөлінді. Оның 208 млн теңгесі – Charity Samruk Marathon-2025 шарасы аясында жиналған, ал қалған сома – бірыңғай қайырымдылық операторы Samruk-Kazyna Trust қорының бюджетінен бөлінді.

Қазіргі уақытта құрылыс-жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

image-11-07-25-03-17.jpeg

Бұған дейін мұндай инклюзия кабинеттері Астанадағы 11 мектепте ашылған еді. Оның бесеуіне 2024 жылы марафонда жиналған ақша, ал біреуіне «SK Azil Fest» қайырымдылық шарасынан түскен қаражат жұмсалды.

«SK Azil Fest» фестивалінің жартылай финалы 12 шілдеге жоспарланған. Ақтық байқау 19 қыркүйекте өтеді. Іс-шарадан түскен қаражаттың барлығы инклюзивті сынып ашуға жұмсалмақ.

Жаңа оқу жылында Қордың қолдауымен ашылған инклюзия кабинеттерінің жалпы саны 21-ге жетеді. Бұл елордадағы ерекше білімге қажеттілігі бар оқушылардың шамамен 40%-ын қамтуға мүмкіндік береді.

Жобаны Samruk-Kazyna Trust қоры «Қамқор инклюзив» қоғамдық қорымен бірлесе жүзеге асырып жатыр.

image-11-07-25-03-17-2.jpeg