«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды
1218
12 Шілде 2025
Лагерьге 50 бала мен олардың ата-аналары қатысты. Алты күн бойы балалар бейімделген спорт түрлерімен (бочча, тетербол, бейімделген футбол, корнхол, садақ ату) айналысып, робототехника, гипс пен балауыздан бұйым жасау, аспаздық және бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.
Сондай-ақ мотивациялық сессиялар, психологтармен кеңестер және балалардың дамуына ата-аналардың белсенді қатысуына ықпал ететін шаралар ұйымдастырылды.
Маусымның жабылу рәсіміне ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі, Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан қатысты. Ол жобаның ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін алғашқы шығармашылық маусым Алматы облысының Қонаев қаласында өтті. Жаз соңына дейін спорттық және шығармашылық аралас форматта тағы үш ауысым өткізу жоспарланған.
Лагерь «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы Samruk-Kazyna Trust қорының қаржылай қолдауымен ұйымдастырылған.

{{ $t('messages.news1') }}
Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР...
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды