Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті нығайту жөнінде талқылады
1616
16 Шілде 2025
6 шілдеде Cassa Depositi e Prestiti (CDP) ұйымы Италияның Астанадағы елшілігімен, Италияның сауда агенттігі (ITA) және басқа да серіктестермен бірлесіп ұйымдастырған «Italy meets Kazakhstan. Италия және Қазақстан компанияларын біріктіретін шара» атты іс-шара өтті.
Оған екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік қауымдастықтарының, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын іздеуге мүдделі қос тараптың мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы: энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым және технологиялар сияқты негізгі салалардағы сауда мен инвестицияны кеңейту перспективалары.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Салтанат Сәтжан шарада сөз сөйледі. Ол экономиканың басым бағыттарындағы Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықтың тереңдігі мен әртүрлілігі жоғары сенім деңгейін, өзара құрмет пен ортақ дамуға деген ұмтылысты білдіретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Салтанат Сәтжан «Самұрық-Қазына» қорының Eni, Ansaldo Energia және Maire Tecnimont сынды Италияның жетекші компанияларымен сәтті серіктестік орнатқанына тоқталып, олардың Қазақстан экономикасының маңызды салаларын дамытуға қосып жатқан елеулі үлесін атап өтті.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...