Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының негізгі жобалары
57
22 Шілде 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Ғылыми-техникалық кеңесінің 7-отырысында уран мен көмірсутектерді өндірудің инновациялық әдістері жөніндегі жобалар мен «Самғау» орталығының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары қаралып, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды басқаратын цифрлық платформа таныстырылды.
Кеңестің 7-отырысына ҚР Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария қатысты.
Ғылыми жобалар портфелінде 9,2 млрд теңгеге 32 жоба бар. Олардың 67%-ы өндіріске енгізілетін дайын шешімдерді ұсынады. Бұл ретте жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі үш жылда 11%-дан 30%-ға өскен.
2025 жылы 5 жобаны аяқтау жоспарланған, олардың экономикалық тиімділігі (5 жыл ішінде) 196 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланған.
Аталған жобалардың төртеуі «ҚазМұнайГазға» тиесілі. Атап айтқанда: ілеспе газды өңдеу, белсенді алюминий негізіндегі кешенді реагенттер, импульстік сейсмикалық барлау, инновациялық тереңдік сорғылары. Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіптің» арнайы химиялық реагент жөніндегі жобасы бар.
Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында қатысушыларға жер қойнауын пайдаланушылардың технологиялық міндеттерін қалыптастырудан бастап, оларға шешім іздеуге, барлық деңгейдегі сараптамалар мен ғылыми-техникалық кеңес отырыстарын өткізуге, жобалардың іске асырылуын бақылауға дейін бүкіл процестерді қамтитын Цифрлық платформа таныстырылды.
Президенттің кеңесшісі Күнсұлу Закария Мемлекет басшысы ғылымды дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Ғылыми жобаларды валидациялау, сараптау және мониторинг жүргізу ісінде «Самғау» орталығының Цифрлық платформа негізінде жинақтаған тәжірибесі ғылыми қауымдастық арасында озық үлгі болып саналады және оны елдің ғылым саласындағы цифрлық платформасына енгізіп, кеңінен тарату қажет деді.
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...
{{ $t('messages.news1') }}
«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды