«Самұрық-Қазына» тобы мен түркиялық серіктестер арасында үш жаңа келісімге қол қойылды
1026
30 Шілде 2025
Мемлекет басшысының Түркияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы экономиканың негізгі салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш маңызды құжатқа қол қойды.
1. Мұнай-газ саласында:
«ҚазМұнайГаз» АҚ мен Түркияның мұнай корпорациясы (TPAO) Қазақстанда барлау және кен орындарын игеру саласында серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды.
2. Көлік және логистика:
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен TCDD Taşımacılık A.Ş. Орта дәлізді бірлесе дамыту туралы келісім орнатты.
Тараптар жүк тасымалы көлемін арттыру, тұрақты пойыз бағыттарын іске қосу, логистиканы цифрландыру және Қытай мен Еуропа/Африка арасындағы жүк тасымалы инфрақұрылымын кеңейту бойынша бірлесе жұмыс істемек.
3. Логистикалық инфрақұрылым:
«Қазпошта» АҚ мен түріктің S Sistem Yatirim Lojistik компаниясы QazPostSistem Ltd. бірлескен кәсіпорнының Жарғысына қол қойды. Аталған кәсіпорынды тараптар бірлесіп құруда.
Серіктестік аясында Ақтөбе әуежайы аумағында көпфункциялы логистикалық орталық салу көзделіп отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуы...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...