«Самұрық-Қазынадағы» «HR-бренд 2025»: байқау жеңімпаздары анықталды
85
01 Тамыз 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобында өткен «HR-бренд 2025» байқауының қорытындысы шықты. Байқаудың мақсаты — Қорға қарасты компанияларда озық, орнықты HR-тәжірибелерді анықтау және тарату.
Байқау Қазақстан үшін айтулы кезең – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізіліп отыр. Бұл – қолданбалы дағдыларды, өндірістік құзыреттерді дамыту мен еңбекті құрметтеуге бағытталған бастама. Аталған бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту, сапалы білім беру, еңбек институтын нығайту және жастарды болашақ экономикасына тартуға басымдық берілетін тапсырмалары аясында әсіресе өзекті.
2025 жылғы байқаудың іріктеу кезеңіне 9 компания қатысып, бес номинация бойынша 25 өтінім берді. Барлық жоба-кейстер қызметкерлерді іріктеу мен дамыту, HR үдерістерді цифрландыру, таланттармен жұмыс істеу, қызметкерлердің жұмысқа белсенді қатысуы бойынша нақты жетістіктерге негізделген.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов атап өткендей, байқау алғаш рет өткізіліп отыр және ол қазірдің өзінде топ ішіндегі HR-тәсілдердің жоғары деңгейде қолданылып, жетілдіріліп жақтанын көрсетті. Айтуынша, бұл негізгі даму стратегиясы ретінде адам капиталына инвестиция құю бойынша таңдалған бағыттың тұрақтылығын растайды.
Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар:
Іріктеу шебері - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ;
Таланттар сәулетшісі - «Самұрық-Энерго» АҚ;
HR серпілісі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Белсенділік драйвері - «Қазпошта» АҚ;
Цифрлық HR жетекшісі - «KEGOC» АҚ.
Ұсынылған кейстер бойынша қатысушы компаниялар жергілікті бастамаларды ғана емес, қазіргі заманғы талаптар мен құндылықтарға, соның ішінде инклюзия, цифрландыру және әлеуметтік жауапкершілікке сәйкес келетін жүйелі HR шешімдерді де көрсетті. Бұл бастамалардың негізінде – тұрақты еңбек ортасын қалыптастыруға деген ұстаным, ал оның өзегінде – еңбек адамы тұр.
Қор тобы үшін өндірістік сала қызметкерлерінің кәсіби дамуы – басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана 12 мыңнан астам жұмысшы маман оқытудан өтті. Олардың қатарында беделді халықаралық Atomskills чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар. Бұл адами капиталға салынған ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін көрсетеді.
Қор өкілдерінің айтуынша, енді байқау жыл сайын өткізіледі және еңбек қатынастарындағы реформалар бойынша сарапшылар мен көшбасшыларды біріктіретін HR-тәжірибелерді дамыту алаңына айналады. Сонымен қатар, бұл бастама еліміздің еңбек, білім мен бастама ұсыну жоғары бағаланатын әлеуметтік әділ қоғам құруға және адамды құрметтеуге бағытталған басқару мәдениетін қолдаудың маңызды құралы болады.
Жеңімпаздар кейстері www.qsamruk.kz порталында жарияланған.
Анықтама:
Жұмысшы мамандықтары жылы: «Самұрық-Қазына» қандай шаралар атқарды?
Жұмысшылардың жалақысын көтеру
200 000-нан астам қызметкердің жалақысы көтерілді. Жұмысшы мамандықтарға ерекше ден қойылды.
Тұрғын үй және тұрмыстық жағдайлар
Қызметкерлерге тұрғын үй беру және тұрмыстық инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар басталды.
Білім беру жобалары
Топтың жетекші компаниялары Назарбаев Университеті, КИМЭП, ҚБТУ, Сәтбаев университеті және өңірлік колледждермен бірлесіп дуалды оқыту бағдарламаларын іске асыруда.
5 мыңнан астам студент Қор кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті.
Жастарды әлеуметтік қолдау
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында бірқатар бастамалар іске асырылуда:
«Тәлімгер» – 17 өңірдегі жетім балаларды және балалар үйінің тәрбиеленушілерін жұмысқа орналастыру жобасы.
«Samruk Úmiti» – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік бағдар беру және әлеуметтендіру жобасы.
Қызметкерлерді іріктеу процестері жеңілдетіліп, цифрландырылды: QSamruk.kz платформасы енгізілді, қағазбастылық толығымен жойылды.
Бос жұмыс орындары барлық адамдар үшін, соның ішінде мүгедектігі бар жандар үшін де қолжетімді.
Гендерлік теңдік
Қор Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастыруда – 2030 жылға қарай компанияларда басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі кемінде 30%-ға жетуі тиіс.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei Technologies Kazakhstan...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Алматы халықаралық әуежайы» А...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы мен түркиялық серіктестер арасында үш жаңа келіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...