Алты айда «Самұрық-Қазына» тобының 12 мыңнан астам жұмысшысы арнайы оқудан өтті
738
13 Тамыз 2025
«Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары жұмысшы мамандықтары жылы бағдарламасын іске асыру жөніндегі отырыста жоспардың орындалу барысы туралы есеп берді.
Жұмысшы мамандықтарын дамыту бағдарламалары аясында 12 мыңнан астам қызметкер даярлық, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағыттары бойынша оқудан өтті. Оқудан өткен қызметкерлердің көбі – «Қазақтелеком» және QazaqGaz мамандары.
Инженерлік-техникалық және жұмысшы мамандықтары үшін «Бастау», «Өрлеу», «Үздіктер алаңы», «Қазатомөнеркәсіптің виртуалды мектебі» және басқа да модульдік бағдарламалар бойынша оқыту жалғасуда. Осы бағыттар бойынша 1 783 маман дайындықтан өтті.
3 000-нан астам студент Қор компанияларының өндірістік алаңдарында тәжірибеден өтті.
Сонымен қатар, модульдік «7 Qadam» оқыту бағдарламасына қатысу үшін жұмысшы мамандықтарының жас көшбасшылары іріктелді. Бұл бағдарлама екі бағыттан тұрады. «7 Qadam PRO» 7 оқу модулінен тұрады, олардың қорытындысы бойынша қатысушылар өндіріске арналған жобаларын ұсынады.
«7 Qadam Master» жұмысшы мамандықтарының қызметкерлеріне арналған және 7 негізгі бағыт бойынша қолданбалы дағдылар мен кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған.
Бұдан бөлек, Жұмысшы мамандықтары жылында маңызды әлеуметтік жобалар іске қосылды. Мысалы: «Самұрық Үміті» – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жұмысшы мамандықтарын меңгеруге көмектеседі. «Тәлімгер» – балалар үйінің түлектеріне жұмысқа орналасуға, ересек өмірге бейімделуге қолдау көрсетіледі.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Әзербайжан мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін жылдам ілгерілетуге жаңа саты...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 ныс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына...