Бейжіңде Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы өтеді
1403
15 Тамыз 2025
2025 жылғы 2 қыркүйекте China World қонақүйінде Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің (ҚҚІК) 8-отырысы өтеді.
Күн тәртібінде энергетикалық ынтымақтастықты дамыту және тұрақты «жасыл» бағдарламаны дамыту, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейту мәселелері қаралады.
Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» қорының басшысы, ал Қытай тарапынан CITIC Group директорлар кеңесінің басшысы Кеңестің тең төрағалары қызметін атқарады.
Отырысқа екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысады.
Қытайдың іскерлік ортаcының қызығушылығын ескере отырып, бұл отырыс тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік байланыстар орнату және ағымдағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды алаң болмақ.
Шараға қазақстандық компаниялар бойынша бірінші орынбасар мен одан жоғары деңгейдегі басшылар қатысуға шақырылады.
Өтетін күні мен орны: 2 қыркүйек 2025 жыл, China World қонақ үйі, Бейжің
Тіркелу үшін сілтеме:
Барлық сұрақтар бойынша: Әсел Исмағамбетова, тел.: +7 7172 554071, email: a.ismagambetova@sk.kz және Меруерт Абдығалиева, тел.: +7 7172 554347, email: m.abdygaliyeva@kz.kz
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...