«Самұрық-Қазына» басшылықтағы әйелдер үлесін арттыру жөніндегі мақсаттарын ұсынды

«Самұрық-Қазына» басшылықтағы әйелдер үлесін арттыру жөніндегі мақсаттарын ұсынды

78

22 Тамыз 2025

Бүгін әйелдердің көшбасшылығына және олардың шешім қабылдау процесіне қатысуына арналған сессия аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылық органдардағы әйелдер санын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарын жариялады.

Қордың компаниялары тобында 67 мыңнан астам әйел жұмыс істейді. Олардың ел экономикасының дамуы мен тұрақтылығына қосатын үлесі зор. Қазіргі таңда Топтың жоғарғы басшылығындағы әйелдердің үлесі 18%-ды құрайды. Қор басшылығы бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 30%-ға жеткізуді көздеп отыр.

«Бұл – батыл мақсат, бірақ оған қолжеткізуге болады. Біз үшін бұл гендерлік теңдікке деген жай ғана ұмтылыс емес. Бұл — түрлі пікірлер, тәжірибелер мен мәдениеттер бағаланатын орта құруға бағытталған стратегияның бір бөлігі. Әртүрлі көзқарас пен ой-пікір бар жерде және әйелдер мен ерлерге өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең жағдай жасалған ортада ғана мықты команда құралады», – деді өз сөзінде басқарушы директор Салтанат Сәтжан.

«Самұрық-Қазына» әр әйел өз әлеуетін толық жүзеге асырып, ел болашағына үлес қоса алуы үшін көшбасшылық мәдениетті дамытуын жалғастыруда.

WhatsApp Image 2025-08-22 at 19.40.56.jpeg