Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 миллиардтан асатын 70 құжатқа қол қойылды
57
02 Қыркүйек 2025
Бейжіңде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянның қатысуымен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы өтті.
8-ші отырыстың негізгі тақырыптары ‒ энергетикалық ынтымақтастықты дамыту және тұрақты «жасыл» өсуді ілгерілету, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейту.
Жел энергетикасы үшін компоненттер өндіретін алғашқы іске қосу кешені салтанатты түрде ашылған Шу индустриалды паркімен телекөпір ерекше оқиға болды. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қытай Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Дин Сюэсянның қатысуымен телекөпір форматында өтті.
Отырыс жұмысына Қазақстан мен Қытай басшылығын, мемлекеттік органдарды, сондай-ақ екі елдің 100 жетекші компанияларының басшылығын қоса алғанда, 500-ден астам өкіл қатысты.
Отырыс бірлескен жобалар мен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Қазақстан мен ҚХР негізгі компаниялары арасында қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімімен аяқталды. ҚҚІК аясында құны $15 миллиардтан асатын 70-ке жуық құжатқа қол қойылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Бұл цифрлар ғана емес. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашатын, өнеркәсіптік әлеуеттің өсуін қамтамасыз ететін және Қазақстан мен Қытайдың өзара сенімін нығайтатын нақты жобалар»,-деп атап өтті.
Топтың негізгі келісімдерінің арасында:
- Заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған Самұрық-Қазына мен Huawei арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім;
- ҚазМұнайГаз бен CNPC арасындағы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) ЖШС қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру туралы бірлескен хаттама;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CNPC арасында «Карбамид» жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
-KEGOC АҚ мен Energy China арасындағы «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желісі құрылысының EPC-келісімшартының негізгі параметрлері бойынша негіздемелік келісім;
- «Самұрық-Энерго» мен China Southern Power Grid арасындағы гидроаккумуляторлық электр станциясын салу жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісім;
- Теміржол паркін жаңарту үшін заманауи локомотивтерді жеткізу туралы ҚТЖ мен CRRC арасындағы келісім және т.б. бар.
Анықтама. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі 2013 жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ және Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитетінің бастамасымен құрылды. Он бір жылдан астам уақыт ішінде Кеңес өзін Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту үшін негізгі диалог алаңы ретінде танытты. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы мен қытайлық CITIC Group корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы тең төрағалар болып табылады.
{{ $t('messages.news1') }}
Балалар үйінің 100 түлегі «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарына жұмысқа орн...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Директорлар кеңесінде «Сам...
{{ $t('messages.news1') }}
57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пой...
{{ $t('messages.news1') }}
Отандық тауар өндірушілер «Самұрық-Қазынадан» 704 млрд теңгеге тапсыры...