«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруда
42
04 Қыркүйек 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов дамушы нарықтардағы инфрақұрылымға инвестиция тартуға арналған AFD-ның пленарлық сессиясында сөз сөйледі.
Өз баяндамасында ол Қордың стратегиялық жобалар портфелін таныстырып, шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тартудағы «Самұрық-Қазына» қорының негізгі драйвер ретіндегі рөлін атап өтті.
Бүгінде SWFI-дің ТОП-25 құрамына кіретін Қордың басқаруында құны 82 миллиард доллардан асатын активтер бар. Портфельде жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.
Басты бағыттары:
- Энергетика – қуаты 5 ГВт ЖЭК жобалары (серіктестер - TotalEnergies, Masdar, CNPC және т.б.), Жамбыл облысында жел энергетикасы үшін компоненттер өндірісін оқшаулау (Sany Renewable Energy)
- Мұнай-газ саласы – полиэтилен өндіретін зауыт (Tecnicas Reunidas, Sinopec c), газ бөлу кешені (Tecnimont), PetroKazakhstan Oil Products (CNPC) МӨЗ-ін кеңейту, Caspi Bitum (CITIC Group) зауытын кеңейту, Қашағандағы екі газ өңдеу зауыты және ұзындығы 2000 км болатын екі магистральдық газ құбыры (Power International Holding ing).
- Көлік және логистика – Қорғас пен Сиандағы құрғақ порттар, Ляньюньгандағы логистикалық хаб, Құрық пен Ақтау теңіз порттары, Ақтаудағы контейнерлік хаб (Ляньюньган портымен), Алматыдағы Жетісу логистикалық кешені, Достық-Мойынты екінші жолының, Бақты-Аягөз теміржол желісінің (China Harbour Engineering) құрылысы.
- Цифрлық инфрақұрылым – Каспий (Azertelecom) арқылы суасты талшықты-оптикалық кабелі.
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қоры тек Қазақстан үшін ғана емес, жалпы өңір үшін маңызды жобаларды дамытып жатқанын атап өтті.
«Біз халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ашықпыз және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға дайынбыз», – деді ол.
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...
{{ $t('messages.news1') }}
Балалар үйінің 100 түлегі «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарына жұмысқа орн...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Директорлар кеңесінде «Сам...
{{ $t('messages.news1') }}
57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пой...