«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
43
11 Қыркүйек 2025
11 қыркүйекте Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектеп инфрақұрылымы бойынша, соның ішінде орын жетіспеушілігі, апатты жағдайдағы мектептер және үш ауысымды оқыту сынды мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Ұлттық жоба аясында 2023–2025 жылдары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы барлығы 208 мектеп салу жоспарланған.
2024 жылы 125,8 мың оқушыға арналған 104 мектеп пайдалануға берілді.
2025 жылы 1 қыркүйекке дейін 66,1 мың орынға арналған тағы 68 мектеп қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 25,4 мың оқушыға арналған қалған 36 мектепті тапсыру жоспарланған.
Ұлттық жоба барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларды қамтыды. Жоба аяқталғаннан кейін жаңа мектептердің саны қалаларда 125-ке (жалпы санының 60%-ы), ал ауылдық жерлерде – 40% немесе 83 мектепке жетеді.
«Ұлттық жоба аясында 4 апатты және 41 үш ауысымды мектеп жойылып, 118 мектепте орын тапшылығы шешілді. Жыл соңына дейін тағы да 2 апатты, 8 үш ауысымды және орын тапшылығы бар 23 мектеп мәселесі шешіледі», – деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.
Айта кетейік, мектептерді пайдалануға бергеннен кейін Қазақстанда өндірілген тауарлар мен жабдықтардың орташа үлесі 78%-ды құрайды.
Сондай-ақ, келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін мердігер ұйымдармен жасалған 29 шарт бұзылды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...
{{ $t('messages.news1') }}
Балалар үйінің 100 түлегі «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарына жұмысқа орн...