«Самұрық-Қазына» тобы Amazon Kuiper-мен екі құжатқа қол қойды
340
23 Қыркүйек 2025
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Нью-Йоркте Amazon Project Kuiper компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі жаһандық бағыт басшысы Лиза Скалпонемен кездесті.
Тараптар серіктестік мәселелерін, соның ішінде Қазақстанды Amazon Kuiper компаниясының спутниктік интернетімен қамтамасыз ету бойынша «Қазақтелекоммен» бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесу барысында екі құжатқа: Қор мен Kuiper Systems LLC арасындағы серіктестік туралы меморандум және «Қазақтелеком» мен Amazon Kuiper Commercial Services арасындағы дистрибуция келісімшартына қол қойылды.
Аталған серіктестік қазақстандықтарды, соның ішінде шалғай өңір тұрғындарын, жоғары жылдамдықты спутниктік интернетпен қамтамасыз етіп, елдің цифрлық инфрақұрылымының ірі технологиялық компаниялармен ықпалдастығын жақсартады.
«Қазақтелеком» АҚ Amazon Kuiper Commercial Services компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Ол болашақта республиканың шалғай аймақтарындағы тұрғындарды интернет және цифрлық сервистермен қамтамасыз етеді.
Бұл шешім бүгінде интернет жұмыс істемейтін қашықтағы өндірістік алаңдарды цифрландыруда маңызды қадам болмақ.
Amazon Kuiper Қазақстанда жерүсті инфрақұрылымына инвестиция құйып, жергілікті техникалық базаны құруды жоспарлап отыр.
«Серіктестігіміз айтарлықтай нәтижелерге жеткізіп, цифрлық инфрақұрылымды дамытудың қосымша құралы болатынына сенімдімін», – деді Жақыпов.
Amazon Kuiper – Amazon компаниясының Жер шарының шалғай және қолжетімсіз аймақтарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін орбиталық жерсеріктер тобын орналастыруға арналған жобасы.
Amazon – электронды коммерция мен бұлтты сервистер саласында жетекші орын алатын әлемдегі ірі корпорациялардың бірі. Орталық кеңсесі Сиэтл қаласында (АҚШ) орналасқан.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Әзербайжан мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін жылдам ілгерілетуге жаңа саты...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 ныс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына...