«Самұрық-Қазына» мен Еуропа қайта құру және даму банкі энергетика саласындағы перспективалы жобаларды талқылады
1258
02 Қазан 2025
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Өзхан Хусейнмен кездесті.
Тараптар Алматы ЖЭО-2 нысанын жаңғырту және Батыс Қазақстанның электр желілерін еліміздің Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне біріктіру аясындағы бірлескен жұмыстардың сәтті болғанын атап өтті.
Кездесуде серіктестіктің перспективалы бағыттарына, соның ішінде «жасыл» энергетика саласына ерекше назар аударылды.
Банк өкілдері қордың сатып алу ережелерінің озық екенін тағы бір мәрте атап өтті.
«Самұрық-Қазына» – сатып алу жүйесі ЕҚҚДБ тарапынан ресми түрде мойындалған әрі Еуропалық Одақтан тыс жалғыз құрылым.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...