«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Abu Dhabi Ports Group басшылығымен кездесті
1172
02 Қазан 2025
Тараптар қордың портфельдік компаниялары мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) бірлесе жүзеге асырып жатқан негізгі бастамалары мен серіктестіктің перспективаларын талқылады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның Каспий және ашық теңіздегі жобалары, танкерлік флотты дамыту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында контейнерлік кемелерді жасау және теміржол вагондарын тасымалдауға арналған жаңа паром жүйесін құру жоспарланған.
Бұдан бөлек, көлік-логистика саласындағы серіктестікті кеңейту мәселелері де талқыланды. «ҚТЖ» мен ADP-нің бірлескен жобалары транзит пен экспорттың өсуіне ықпал етіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа арасындағы байланысты нығайтады және жаһандық логистиканың тұрақтылығын арттырады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...