«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарындағы жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді
91
10 Қазан 2025
Бұл – мегаполистің энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды жобалар.
Құрылыс алаңдары тексеріліп, жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасы аясында станцияны табиғи газға көшіру көзделген. Бұл қаладағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады. 2026 жылы жұмыстар толық аяқталған соң, зиянды шығарындылар көлемі жылына шамамен 14 есеге азайып, 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді. Сондай-ақ, электр қуатының көлемі 510-нан 557 МВт-қа дейін өседі.
ЖЭО-3 нысанын қайта жаңарту аясында бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде станцияның электр қуаты 173 МВт-тан 544 МВт-қа дейін артып, еліміздің оңтүстік аймағындағы маневрлік қуат тапшылығын ішінара жабуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Нұрлан Жақыпов «АлЭС» АҚ нысандарының күз-қыс маусымына да дайындығын тексерді.
ЖЭО нысандарын тексеру аясында әрі қала экологиясы мен келешегіне үлес қосу мақсатында жас көшеттер отырғызылды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Әзербайжан мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін жылдам ілгерілетуге жаңа саты...
{{ $t('messages.news1') }}
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Masdar Жамбыл облысындағы жел электр станциясының...