Қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін жылдам ілгерілетуге жаңа сатып алу механизмі септігін тигізеді
86
10 Қазан 2025
2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп тізіліміндегі (СБҚТ) өнімдерді SKSTORE.KZ цифрлық платформасы арқылы 6 жұмыс күні ішінде сатып алуға болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің отандық өндірісті қолдау және цифрлық мемлекет құру саясатын іске асыру шеңберінде, «Самұрық-Қазына» қоры мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (МЦРИАП) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне (СБҚТ) енгізілген өнімдерді сатып алу механизмін оңтайландыруда.
Мақсат – ішкі IT-нарықты дамыту және шағын мен орта бизнесті қолдау.
Сатып алулардың операторы болып QazCloud компаниясының SKSTORE.KZ* электронды дүкен платформасы тағайындалды. СБҚТ бойынша сатып алуларды іске қосу – отандық IT-компаниялардың жеткізу тізбегіне белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, Қордың сатып алу экожүйесінде олардың позицияларын нығайтады.
SKSTORE.KZ платформасының цифрлық мүмкіндіктерінің, соның ішінде процестерді автоматтандырудың, құжаттарды электрондық түрде қол қоюдың және қатысушылар арасындағы ашық өзара әрекеттесудің арқасында сатып алулар тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер үшін әлдеқайда жедел әрі тиімді өтеді.
«Отандық IT-өнімдерді сатып алуды дамыту – сенімді цифрлық шешімдер экожүйесін құрудағы маңызды қадам. SKSTORE.KZ платформасы – процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етіп, ұлттық өндірушілерге басымдық беретін құрал», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» Қорының баспасөз қызметі.
Жаңа механизмнің енгізілуі отандық IT-секторды дамытуға және елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға қосымша ынталандыру болады.
*SKSTORE.KZ электрондық дүкені – «Самұрық-Қазына» Қорының цифрлық платформасы болып табылады, ол тауарлар мен қызметтерді қысқа мерзімде сатып алу процесін қамтамасыз етеді. Бұл сервис тапсырыстарды жылдам рәсімдеуге, құжаттарды электрондық түрде қол қоюға және жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсынады.
Бүгінгі таңда платформада 16 000-нан астам жеткізуші тіркелген, олардың 95%-ы Қазақстанның шағын және орта бизнестің өкілдері.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Әзербайжан мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 ныс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Masdar Жамбыл облысындағы жел электр станциясының...