«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі, AZCON Бақылау кеңесінің төрағасы Рашад Нәбиевпен кездесті
995
20 Қазан 2025
Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жайы талқыланды. Былтыр аталған бағыттағы теміржол жүк айналымы 4,5 миллион тонна болып, тарихи жоғары көрсеткішке жетті. Ал қазақстандық жүк экспортының әлеуеті жылына 10 миллион тоннаға дейін жетеді деп бағалануда.
Бағыт бойынша контейнерлік тасымалдардың артуына байланысты «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясы – ҚТКФ және Abu Dhabi Ports (ADP) арасында контейнер тасымалдаушы кемелер салу жөнінде келісімге қол қойылды. Тендер қорытындысы бойынша жоба AZCON Holding құрамындағы Baku Shipyard кеме жасау зауытында жүзеге асырылады. 2027 жылға дейін екі контейнерлік кеме салынып, олар ҚТКФ мен ADP бірлескен кәсіпорны – CIMC-ке беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ Каспий теңізі түбі арқылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасының іске асырылу барысы қаралды. Жоба операторлары – «Қазақтелеком» АҚ және «Azertelecom Int.» ЖШҚ.
Бірлескен бастамалар Қазақстанның транзиттік және цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және инвестиция тартуға бағытталған.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...