Қазақстан және Әзербайжан президенттеріне «Самұрық-Қазына» қорындағы жасанды интеллект жобалары таныстырылды
905
21 Қазан 2025
Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Қор тобындағы портфельдік компаниялардың қызметіне ЖИ шешімдерін енгізу туралы баяндады.
Бүгінде Қор жасанды интеллектіні қолдану арқылы 62 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оларды енгізудің экономикалық әсері бес жыл ішінде 1,3 млрд доллардан асады. Қор тобының 82 мың қызметкері жасанды интеллектімен жұмыс істеудің негізгі дағдылары бойынша оқудан өтті.
Қор компанияларын бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіретін Samruk-Kazyna Artificial Intelligence атты бірыңғай жасанды интеллект платформасы дамуда. Бұл платформа нақты уақыт режимінде деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етіп, болжамды талдау құралдарын қамтиды.
Нұрлан Жақыпов мемлекет басшыларына платформаның бір модулінің – дауыс беру құқығына ие Директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі SKAI-дың жұмысын көрсетті. Оның қатысуымен 17 қазанда алғашқы отырыс өткен еді.
Қордың барлық ЖИ жобалары «Қазақтелеком» АҚ-ның суперкомпьютерінде жабық контурда жүзеге асырылады. Бұл деректерді жоғары деңгейде қорғауға және ақпаратты жылдам өңдеуге мүмкіндік береді.
{{ $t('messages.news1') }}
Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұр...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылығы Австрия Ұлттық кеңесі Парламентінің екінші ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Казатомөнеркәсіп» Қордың Қоғамдық кеңесінде компания қызметі туралы е...
{{ $t('messages.news1') }}
Жоғары аудиторлық палата тарапынан айтылған ескертулердің басым бөлігі...