«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі, АҚШ-тың Үндістандағы елшісі Сержио Гор және Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі, АҚШ-тың Үндістандағы елшісі Сержио Гор және Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті

52

29 Қазан 2025

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Жақыпов америкалық компаниялармен серіктестікті кеңейтудің әлеуеті барына сенімді екенін білдірді. «Самұрық-Қазына» экономиканың негізгі салалары бойынша америкалық жетекші компаниялармен серіктестікті дамытып келеді.

WhatsApp Image 2025-10-29 at 16.15.37 (1).jpeg

Мұнай-газ секторында Chevron және ExxonMobil компанияларымен (Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған жобалары) ірі жобалар жүзеге асырылуда. Көлік саласында локомотивтерді шығаратын және техникалық қызмет көрсететін Wabtec Kazakhstan зауыты жұмыс істеп тұр.

Энергетикада желілерді цифрландыру және жаңғырту үшін GE жабдықтары қолданылуда. Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana Boeing 767 ұшақтарын пайдаланады. Тау-кен саласында «Тау-Кен Самұрық» пен Cove Capital сирек металдарды барлау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, спутниктік интернетті дамыту бағытында Amazon Kuiper мен «Қазақтелеком» арасындағы серіктестік дамуда. Бұдан бөлек, биыл «Қазақтелеком» Nvidia H200 чиптері негізінде елдегі екінші суперкомпьютерді іске қосты.

WhatsApp Image 2025-10-29 at 16.15.37.jpeg