«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйледі
903
06 Қараша 2025
«How to Invest in Central Asia» панельдік сессиясында Нұрлан Жақыпов Орталық Азиядағы негізгі инвестициялық бағыт ретінде Қазақстанның рөлі жайлы айтып, «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық жобаларға бірлесіп инвестиция құю тәсілін таныстырды.
Өз сөзінде Қор басшысы Қазақстанға 370 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын, оның ішінде 61 млрд доллар АҚШ-қа тиесілі екенін айтты. Бұл - өңірге құйылған барлық инвестициялардың шамамен 60%-ы.
Айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры 82 млрд АҚШ долларынан астам активтерді басқарады және жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам жобаны іске асырып жатыр. Қор энергетика, көлік, мұнай-газ, телекоммуникация және басқа да салаларда стратегиялық инвесторлар үшін сенімді серіктес болады.
Сөз соңында Қор басшысы «Самұрық-Қазына» сенімді серіктестік, әділ шарттар және жобаларды дамытудың ұзақ мерзімді перспективасын ұсына отырып, АҚШ инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуы...
{{ $t('messages.news1') }}
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...