Air Astana паркі заманауи 18 Boeing ұшағымен толықтырылмақ
38
06 Қараша 2025
Air Astana мен Boeing әуе компаниясының алыс бағыттарға арналған әуе флотын жаңарту және кеңейту жөнінде ниеттестік туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі 2025 жылы 6 қарашада Вашингтондағы С5+1 саммиті алаңында өтті. Құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов және Boeing компаниясының сату жөніндегі вице-президенті Пол Риджи қол қойды.
Құжатқа сәйкес, «Air Astana» АҚ Boeing компаниясынан кең фюзеляжды Boeing 787-9 ұшақтарын сатып алады. Boeing 787-9 – ұшу қашықтығы мен жолаушылар сыйымдылығы арттырылған Boeing 787 Dreamliner ұшағының ұзартылған нұсқасы. Ол шамамен 300 жолаушыны тасымалдай алады.
Ұшақтардың екеуі әуе паркіне келесі жылы беріледі, тағы біреуі 2027 жылы, ал қалғандары 2032 жылдан бастап жеткізілмек.
Бұл келісім - Air Astana компаниясының әуе флотын жаңарту және халықаралық әлеуетін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі. Кең фюзеляжды ұшақтар флотын кеңейту негізгі бағыттардағы жолаушылар ағынын ұлғайтуға, сондай-ақ, Қазақстанды Еуропа, Азия, АҚШ және Таяу Шығыстың ірі іскерлік және туристік орталықтарымен байланыстыра отырып, маршруттық желіні икемді дамытуға мүмкіндік береді.

{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылығы ҚР Президенті бастаған ресми делегация құра...