«Самұрық-Қазына» басшылығы Австрия Ұлттық кеңесі Парламентінің екінші президенті П. Хаубнер бастаған делегациямен кездесті
1002
28 Қараша 2025
Келіссөздер барысында тараптар Қор компаниялары мен австриялық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты және оның болашағын талқылады. Көлік-логистика және мұнай-газ секторларындағы өзара іс-қимылды дамыту басты назарда болды.
«ҚТЖ» мен ÖBB Holding (Rail Cargo Group) арасындағы серіктестіктің, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді. Терминалдық қуаттарды біріктіру, бірлескен логистикалық сервистерді дамыту және инновациялық технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «KTZ Express» АҚ мен «ÖBB» компаниясы арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға және Еуропа мен Азия арасындағы сауда көлемін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаздың» австриялық «Pörner» компаниясымен ПМХЗ, «Каспий Битум» және Румыниядағы «Петромидия» МӨЗ битум өндірістерін жаңғырту бойынша серіктестігі де талқыланды.
Кездесу барысында «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» мен «Австрия теміржол өнеркәсібі қауымдастығы» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...