Өңірдегі ең ірі ЖЭК жобасы: Түркістан облысында күн электр станциясы құрылысының капсуласы салынды

Өңірдегі ең ірі ЖЭК жобасы: Түркістан облысында күн электр станциясы құрылысының капсуласы салынды

93

15 Желтоқсан 2025

Сауран ауданында қуаты 300 МВт болатын жаңа күн электр станциясының іргетасына капсула салу салтанатты рәсімі өтті.

Шараға «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов,

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстандағы Қытай Елшісі Хань Чуньлинь, China Energy Group президенті Ни Чжэн, «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Қайрат Мақсұтов, CEEC Overseas Investment ДК басшысы Линь Сяо Дань және т.б. қатысты.

Бұл — жаңартылатын энергия көздері бойынша ең ірі жобалардың бірі. Оны Қордың портфельдік компаниясы — «Самұрық-Энерго» АҚ мен China Energy Overseas Investment Co., Ltd. (Energy China) компаниясы бірлесіп салуда.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.06.38 (1).jpeg

Жоба Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу және көміртек ізін азайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы 2024 жылы қарашада COP29 алаңында қол қойылған үкіметаралық келісімді іске асырудағы алғашқы қадамдардың бірі.

Күн электр станциясының құрылысы белсенді кезеңде жүріп жатыр және 2024–2027 жылдарға есептелген.

«Қуаты 300 МВт болатын болашақ күн электр станциясы — елдің тұрақты энергетика саласына қосылған үлес әрі Қазақстанның Орталық Азияда жаңартылатын энергия көздері бойынша көшбасшы мәртебесіне нық қадам басып келе жатқанын дәлелдейді», — деді Нұрлан Жақыпов салтанатты рәсімде.

Жаңа станция энергия үнемдейтін күн панельдерімен, заманауи инженерлік нысандармен, қосалқы станциямен және электр беру желілерімен жабдықталады. Маңызды элементтердің бірі — электр энергиясын жинақтау жүйесі. Ол өңірдің электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, күн генерациясын елдің энергожүйесіне тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Станция іске қосылғаннан кейін Қазақстанның энергия теңгеріміндегі таза энергияның үлесі едәуір артып, қоршаған ортаға түсетін жүктеме азаяды және елдің төмен көміртекті экономикаға көшуі жылдам болады деп күтілуде.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.06.39.jpeg