«Самұрық-Қазына» Жамбыл облысының қарттарына арналған әлеуметтік нысанды ашты

«Самұрық-Қазына» Жамбыл облысының қарттарына арналған әлеуметтік нысанды ашты

67

15 Желтоқсан 2025

Таразда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының атынан қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Trust» қоры ашқан жаңа әлеуметтік нысан өз жұмысын бастады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің өмір сапасын арттыруға және егде жастағы адамдарды қолдауға бағытталған. Үш қабатты ғимарат 200-ге жуық адамды қабылдай алады.

Орталықта қариялар денсаулыққа қатысты кеңес, психологиялық қолдау алып, түрлі курстан өтіп, үйірмелерге қатыса алады. Уақытты жайлы өткізу үшін фитокабинет, тұз бөлмесі, йога мен би залдары, спорт залы, қолөнер және музыка кабинеттері, бассейн, монша және басқа да бөлмелер қарастырылған.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 19.34.58 (1).jpeg

Мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Samruk-Kazyna Trust» қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нариман Мелдебек қатысты.

Кешеннің құрылысына 249 млн теңге бөлінді. Нысанды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті «Жамбыл Даму» қоры атсалысты.

Жалпы, соңғы бес жылда Жамбыл облысында Қор 1,75 млрд теңгеге 17 қайырымдылық жобасын іске асырды. Соның ішінде Тараз қаласындағы аутизмі бар балаларға арналған оңалту және ерте араласу орталықтары, Шу қаласындағы оңалту орталығы, Әлжан ана ауылындағы спорт кешені және басқа да әлеуметтік нысандар бар.