«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы «JOGMEC» басшылығымен кездесті
1128
18 Желтоқсан 2025
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында Токио қаласында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Japan Organization for Metals and Energy Security (JOGMEC) ұйымының президенті Дайто Митио және вице-президенті Хироси Куботамен кездесті.
Кездесу барысында JOGMEC-тің Жапонияның ресурстық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі рөлі аталып, Қазақстандағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтың бары расталды.
Japan Organization for Metals and Energy Security (JOGMEC) — минералдық және энергетикалық ресурстарды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елдің ресурстық қауіпсіздігін нығайту мақсатында құрылған Жапонияның мемлекеттік ұйымы.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов қытайлық Goldcard компаниясы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» Цинхуа Университетіндегі Executive MBA бағдарламасы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Glencore тау-кен металлургиясы саласындағы серікт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жапониялық Marubeni корпорация...