«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 9 құжатқа қол қойды
2167
20 Желтоқсан 2025
Қазақстан Республикасы Президентінің Жапонияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары мен жапондық серіктес ұйымдар арасында энергетика, қаржы, экология, көлік, тау-кен өндірісі және цифрландыру салаларын қамтитын бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойылды.
Marubeni Corporation компаниясымен серіктестік туралы келісім.
Aktas Energy («Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies-тің бірлескен кәсіпорны) мен Marubeni компаниясы арасында көміртегі кредиттерін шығару, верификациялау және іске асыру жөніндегі негіздемелік келісім.
«Самұрық-Энерго» АҚ мен Mitsubishi Heavy Industries арасында ауа сапасын бақылаудың «таза» технологияларын енгізу жөніндегі стратегиялық серіктестік туралы келісім.
Жобаларды қаржыландыру бойынша MUFG Bank-пен ынтымақтастық туралы меморандум.
Цифрлық технологияларды енгізу бойынша KEGOC пен Hitachi Energy арасындағы стратегиялық әріптестік туралы негіздемелік келісім.
Қоймаларды басқару бизнес-процестерін автоматтандыру және электрондық коммерцияны дамыту бойынша «Қазпошта» АҚ мен Toshiba Corporation арасындағы ниеттестік туралы келісім.
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ мен Kansai Electric арасындағы серіктестік туралы құжат.
Қазақстан Республикасының тау-кен саласында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен JOGMEC арасындағы серіктестік туралы меморандум.
Қазақстанның темір жолдарын жел мен қардан қорғау бойынша шешімдер әзірлеу жөнінде «ҚТЖ» АҚ мен RIKEN KOGYO Inc. арасындағы серіктестік туралы меморандум.
{{ $t('messages.news1') }}
Кигалиде (Руанда) Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың Rwanda Development Boa...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың Қазақ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: 2025 жылдың қорытын...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында Жастар кеңесінің отырысы өтті