Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды

Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды

65

24 Желтоқсан 2025

Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ, Энергетика министрлігі, «Самұрық-Энерго» АҚ мен салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты.

Салтанатты жиында топтың үздік энергетиктері — өндірістік бөлімшелер мен электр станцияларының өкілдері марапатталды. Марапаттардың бірқатарын «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов табыстады.

WhatsApp Image 2025-12-24 at 12.57.35.jpeg

Қор басшысы сала қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері:

Көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Құрметті қызметкері» атағымен;

Энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамотасымен;

Қызметтегі міндеттерін үлгілі атқарғаны және мамандығына адалдығы үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталды.

Марапат алғандар қатарында энергетикалық блоктар мен турбиналық жабдық машинистері, электр монтері, слесарь, отын-көлік және жөндеу цехінің мамандары, сондай-ақ компаниялар тобының басқарушы және корпоративтік қызметкерлері бар.

«Энергетика — мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Әр атқарылған жоба мен әр мегаваттың артында адамдар тұр. Бұл сіздердің еңбектеріңіз, тәжірибелеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыздың арқасы. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп отырған да — сіздер», — деді Нұрлан Жақыпов өз сөзінде.

Салтанатты рәсім Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет болды.

WhatsApp Image 2025-12-24 at 12.57.35 (1).jpeg