Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуына көмектеседі
32
24 Желтоқсан 2025
Қарағанды қаласында аутизмі және менталдық ерекшеліктері бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды. Мұнда жыл сайын 125 баланың бейімделуі мен дамуы үшін қолдау көрсетіледі.
Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Қамқорлық қоры» және Қарағанды облысы әкімдігінің серіктестігімен құрылды.
Балаларға ABA-терапия, эрго және кинезитерапия, арт-терапия, сенсорлық интеграция және басқа да әдістемелер ұсынылады, сондай-ақ логопед, дефектолог және психологтармен сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, нәтижелерді жақсарту мақсатында жұмыс тек балалармен ғана емес, олардың ата-аналарымен де жүргізіледі.
2020 жылдан бері Қарағанды облысында «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы құны 678,2 млн теңге болатын 11 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті. Олардың қатарында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы, инклюзивті спорт секциялары, сондай-ақ Нұра ауылындағы спорт кешені бар.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» ба...