«Самұрық-Қазына» АҚ Қастеев атындағы Ұлттық музейді жаңартуға 994 млн теңге бөлді

«Самұрық-Қазына» АҚ Қастеев атындағы Ұлттық музейді жаңартуға 994 млн теңге бөлді

133

05 Қаңтар 2026

90 жылдық тарихы бар Қазақстанның маңызды мәдени нысандарының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы музейде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа экспозиция ұсынылды.

Жаңарту жұмыстары жөндеуге 993,7 млн теңге бөлген «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов нысанды аралап көрді. 2025 жылы мамырда басталған жұмыстар аясында жалпы аумағы 5,5 мың шаршы метр шатыр толық ауыстырылып, барлық залдар жөндеуден өтті, жаңа паркет төселіп, есіктер қалпына келтіріліп, қабырғалар әрленді. Сондай-ақ, инженерлік желілер жаңартылды.

WhatsApp Image 2026-01-05 at 11.47.35.jpeg

Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде музейдің жаңартылуы ұлттық мәдени мұраны сақтауға және елдің рухани әлеуетін дамытуға қосылған маңызды үлес екенін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» үшін бұл жай ғана жөндеу жұмыстары емес. Бұл — тарихымызды сақтауға, ұлттық мәдениетті насихаттауға және болашақ ұрпақтың құндылықтарын қалыптастыруға қосылған үлес», — деді ол.

Ресми бөлімнен кейін музейдің тұсаукесері өтіп, екінші қабаттағы жаңа экспозиция бойынша шолу туры ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-01-05 at 11.47.35 (2).jpeg