«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қолданудан күтілетін жиынтық әсер 5 жылда $1,3 млрд болады деп бағаланып отыр
1557
06 Қаңтар 2026
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.
Баяндаманың негізгі тезистері:
2025 жылы Қорда бірыңғай IT-стандарт пен өндірістік процестерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша Жол картасы бекітілді.
Қор тобының 239 мың қызметкері жасанды интеллект саласындағы негізгі дағдылар бойынша білім алды.
Бірыңғай корпоративтік SKAI жасанды интеллект экожүйесі қалыптастырылуда, негізгі көрсеткіштермен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін SKAI Data платформасы іске қосылды.
Компаниялар тобында жасанды интеллект қолданылатын 62 жоба жүзеге асырылуда, олардың басым бөлігі өндірістік процестерде қолданылады. 5 жыл ішінде ЖИ жобаларын енгізудің жиынтық экономикалық әсері $1,3 млрд-тан асады.
HR, сатып алу, қаржы, инвестициялардан өндірістік қауіпсіздікке дейінгі негізгі функциялар үшін ЖИ-ассистенттер енгізілуде. Барлық шешімдер «бір терезе» қағидаты бойынша бір SKAI-ассистентіне біріктіріледі.
2026 жылы портфельдік компаниялар үшін жасанды интеллект есебінен EBITDA-ны 5%-ға арттыру бойынша KPI белгіленді, осылайша, алдағы уақытта басқарушылық шешімдердің 70%-ы жасанды интеллектінің қатысуымен қабылданбақ.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов қытайлық Goldcard компаниясы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» Цинхуа Университетіндегі Executive MBA бағдарламасы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Glencore тау-кен металлургиясы саласындағы серікт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жапониялық Marubeni корпорация...