«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ashmore Healthcare International және Mount Sinai Hospital басшылығымен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ashmore Healthcare International және Mount Sinai Hospital басшылығымен кездесті

73

15 Қаңтар 2026

Келіссөздерге Ashmore Healthcare International компаниясының бас директоры Ахсан Әли және Mount Sinai International президенті Саби Доротович қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда алғаш рет брендтелген батыс үлгісіндегі көпсалалы клиника құру жобасының ағымдағы жайын, сондай-ақ инвестиция мен цифрлық технологияларды енгізу саласындағы серіктестікті талқылады.

2025 жылы қарашада ҚР Президентінің АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» мен Ashmore (Ashmore Healthcare International еншілес ұйымы арқылы) Орталық Азиядағы денсаулық сақтау хабына айналуы тиіс жаңа заманауи медициналық орталықты салу туралы жоспарын жариялаған еді.

Жоба бойынша Қазақстанда Ashmore Healthcare International және «Самұрық-Қазына» серіктестігі негізінде, әлемдік деңгейдегі медициналық оператор — Mount Sinai Health System-ді тарта отырып, премиум санаттағы халықаралық клиника салу және оны пайдалану көзделген. Жобаның жалпы құны шамамен 150 млн АҚШ доллары деп бағаланып отыр.
Image (11).jpeg

Ashmore Healthcare International (AHI) — денсаулық сақтау және оған іргелес салалардағы жобаларға инвестиция салу, басқару және дамытумен айналысатын халықаралық компания. Лондон қор биржасында (LSE, FTSE 250 индексі) тіркелген британдық инвестициялық холдинг — Ashmore Group plc құрамына кіреді. Ashmore Group plc дамушы елдердің мемлекеттік және корпоративтік облигацияларына, акцияларына, сондай-ақ жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым және private equity қоса алғанда, баламалы активтерге инвестиция құяды.

Mount Sinai Hospital — АҚШ-тағы ең ірі әрі ықпалды академиялық медициналық жүйелердің бірі. Нью-Йорк қаласында орналасқан. Компания озық клиникалық тәжірибесімен, мықты ғылыми-зерттеу базасымен (Icahn School of Medicine) және кең ауқымды амбулаторлық қызмет көрсету желісімен танымал.

Image (12).jpeg