«Самұрық-Қазына» Ақтөбеде алғашқы инклюзивті спорт орталығын ашты
793
21 Қаңтар 2026
Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған инклюзивті спорт орталығы өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырды.
Орталықта 25 метрлік бассейн, арнайы жаттығу залдары, спорттық ойын түрлеріне және үстел теннисіне арналған залдар бар. Ғимарат аумағында футбол алаңы мен жүгіру жолақтары салынған.
Жыл сайын орталық 420 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда жүзу мен боччадан бастап дзюдо, пауэрлифтинг және голболға дейін 20-дан астам паралимпиадалық және сурдоолимпиадалық спорт түрін дамыту жоспарланып отыр.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде 31 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, олардың шамамен 1 900-і спорт секцияларына қатысады. Орталықтың ашылуы спортпен шұғылдануға қолжетімділікті арттырып, тұрақты инклюзивті спорттық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұндай инклюзивті спорт орталықтарын еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.


{{ $t('messages.news1') }}
Қарағанды облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов KEGOC директорлар...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақтелеком» АҚ акцияларын сатып алғаны туралы х...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының басшылығ...