«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың мемлекеттік энергетикалық корпорациясы State Power Investment Corporation (SPIC) бас директорының орынбасары Чэн Хабинмен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың мемлекеттік энергетикалық корпорациясы State Power Investment Corporation (SPIC) бас директорының орынбасары Чэн Хабинмен кездесті

47

29 Қаңтар 2026

Кездесу барысында тараптар Павлодар облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады. Жоба Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуға бағытталған және Қордың декарбонизация мен энергетика секторын тұрақты дамыту бойынша стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді. Нысан 2029 жылдың II тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.

Жоба біртіндеп іске асыру кезеңіне өтуде. 2025 жылы бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жобаны кешенді дамыту туралы келісімшартқа қол қойылды. Ол инженерлік-іздестіру жұмыстарын, жобалық құжаттаманы дайындауды қамтиды. Сондай-ақ, жел өлшейтін мұнаралар орнатылды, бұл әрі қарай жобалау жұмыстары үшін негізгі деректер алуға мүмкіндік берді. Және де «KEGOC» АҚ электр жүйесі операторымен қуат беру сызбасы мақұлданды. Бұл болашақ станцияны елдің энергетика жүйесімен біріктірудегі маңызды кезең болды.

WhatsApp Image 2026-01-29 at 14.44.33 (1).jpeg

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы Үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылып жатыр.

Келесі маңызды қадам - ҚР Энергетика министрлігінің қатысуымен Инвестициялар туралы келісімге қол қою. Нұрлан Жақыпов энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі SPIC-пен серіктестік Қазақстанда «жасыл» генерацияны дамыту үшін озық технологиялар мен халықаралық тәжірибені тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

State Power Investment Corporation (SPIC) — Қытайдың ірі мемлекеттік энергетикалық корпорацияларының бірі әрі әлем бойынша электр энергетикасы саласындағы көшбасшы. Компания жел, күн және су энергетикасын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бағытындағы жобаларды белсенді дамытып, әлемнің 40-тан астам елінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.