Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының екінші қысқы Спартакиадасы өтті

Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының екінші қысқы Спартакиадасы өтті

69

08 Ақпан 2026

7–8 ақпан күндері елордада өткен спорттық шараға 2 мыңдай қатысушы мен жанкүйер жиналды. Биыл қысқы Спартакиадаға қор құрамындағы 20 компанияның командалары қатысты. Жарыстар Италиядағы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жүрген қазақстандық спортшыларды қолдау аясында өтті.

Күні бұрын басталған хоккей жарыстарында Samruk United командасы жеңіске жетті. «Қазақстан темір жолы» командасы күміс жүлдеге ие болса, қола жүлде «ҚазМұнайГаз» командасына бұйырды.

Image (32).jpeg

Сондай-ақ, 500-дей адам Орталық саябақта өткен шаңғы жарысына қатысты. Бұдан бөлек, саябақ аумағында қайырымдылық алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар мұқтаж отбасыларға киім-кешек жинап, жануарлар панасына көмек көрсетті және құстарға арналған ұялар жасап, саябақтағы ағаштарға ілді.

Image (31).jpeg

Спорт – корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі. Қор топ бойынша да, ел бойынша да спортты дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Соңғы үш жылда «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен 19 спорт кешені ашылып, 750 мың адамның спортпен шұғылдануына жағдай жасалды.

Image (29).jpeg