434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапкершілік бойынша қорытындылары
1323
09 Ақпан 2026
Сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық диалог форматында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында компаниялар тобының 2016–2025 жылдардағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы нәтижелері қорытындыланды.

Осы кезеңде 124,1 млрд теңгеге 434 әлеуметтік жоба іске асырылған. Еліміздің 17 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада 274 әлеуметтік нысан — оңалту орталықтары, инклюзия кабинеттері, спорт кешендері, креативті хабтар, музейлер мен кітапханалар ашылды.
2025 жылдың өзінде 13,2 млрд теңгеге 39 жоба жүзеге асырылып, шамамен 1 млн отандасымызға қолдау көрсетілді.
Samruk-Kazyna Trust ұйымы қордың бірыңғай қайырымдылық операторы қызметін атқарады. Дәл осы ұйымда «Ainala» оңалту орталықтарынан бастап «Шексіз мүмкіндіктер» бейімдеуші лагеріне дейін, сондай-ақ балалардың білім алуына және мамандық таңдауына көмектесетін «Samruk Umiti», «Жарқын болашақ» жобаларына дейінгі жүйелі шешімдер қалыптасады.
{{ $t('messages.news1') }}
Бір жылда 234 офтейк-келісімшарт: «Самұрық-Қазына» машина жасау саласы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов NEQSOL Holding компаниясының Б...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әзербайжанның Цифрлық даму жән...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Harbour Engineering Comp...