Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясының құрылысы басталды
1118
18 Наурыз 2026
Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясы құрылысының басталғанын білдіретін уақыт капсуласын салтанатты түрде салу рәсімі өтті.
Іс-шараға қордың және портфельдік компаниялардың басшылығы, әкімдік пен TotalEnergies компаниясының өкілдері және т.б. қатысты.
Жоба Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік аясында TotalEnergies, «Самұрық-Қазына» («Самұрық-Энерго» және «ҚазМұнайГаз») компанияларының қатысуымен жүзеге асырылуда.
Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды.
Станцияны 2028 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.
«Мирный» жел электр станциясы құрылысының басталуы – Қазақстанда заманауи әрі тұрақты энергетиканы дамытудағы маңызды қадам», – деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.
«Жоба халықаралық серіктестіктің инвестициялар тартуға, озық технологияларды енгізуге және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қалай ықпал ететінін айқын көрсетеді. Оның жүзеге асырылуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және экономиканы декарбонизациялау бойынша күн тәртібін ілгерілетуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деді ол.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Гонконгта Қытайдың China Investment Corporati...
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жасанд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонында шамамен 250 млн теңге жиналд...