Павлодар облысында жаңартылатын энергия көздері бойынша ТМД елдеріндегі ең ірі жобаның капсуласы салынды
58
30 Наурыз 2026
Бүгін Павлодар облысында қуаты 1 ГВт болатын, энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясы құрылысының басталуына орай уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Станция заманауи энергия жинақтау технологияларын пайдалана отырып, экологиялық таза электр энергиясын өндірмек.
Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ State Power Investment Corporation компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Ол жаңартылатын энергетика саласында Қазақстандағы ең ірі нысандардың бірі болмақ. Станция 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,2 млрд долларын құрайды. Құрылыс кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылмақ, ал іске қосылған соң шамамен 50 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жобаны Қазақстан мен Қытай үкіметаралық деңгейде қолдап отыр.

Жоба аясында қуаты 300 МВт / 600 МВт·сағ болатын заманауи энергия жинақтау жүйесін енгізу көзделген. Ол сұйықтықпен салқындататын шамамен 76 аккумуляторлық блокты қамтиды. Бұл жүктемені теңестіруге және жел генерациясының ауытқуына қарамастан электр энергиясын тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.
«Жоба - Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы маңызды қадам», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.
«Бұл жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, тиімді халықаралық ынтымақтастық пен озық технологияларды енгізудің жарқын үлгісіне айналады», – деді ол.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei Technologies компаниясы...
{{ $t('messages.news1') }}
Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясының ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің «Қазпошта» АҚ қызметіне арналған о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниялары Қазақстан қор биржасының бірқ...